Tabys
Tabys - жұртшылықтың қаржылық және инвестициялық сауаттылығын арттыруға бағытталған әлеуметтік жоба.
Біздің миссиямыз - қазақстандықтардың экономикалық белсенді, сауатты болуына септігімізді тигізу. Сол үшін біз $1 бастап инвестициялауға мүмкіндік беретін, қолданыста қарапайым қосымша жасап шығардық.
-
2 жыл
нарықта
-
41 мың
инвестор
-
3 млн
доллар инвестициялар
Tabys
артықшылықтары
$1 бастап
инвестициялау
қарапайым
интерфейс
қаржылық мақсаттар мен портфельдер құру
телефон нөмірі бойынша бағалы қағаздарды аудару
салық жеңілдіктері
пайдалы қаржылық әдеттер
Инвестициялар дүкені
Әркімге қолжетімді
инвестициялар!
-
Биржалық ноталар - бұл ыңғайлы.
-
1 нота = құнды қағаздар жиыны
(әр түрлі компаниялардың активтерімен). -
Салықтан босатылған, минималды комиссиялар
-
AIX Qazaq Index Active
Басқарудағы қазақстандық компаниялардың акциялары
-
1 ETN
₸4422.14
бағасы -
Жылдық табыстылық
+24.49% -
Фонд валютасы
KZT -
-
-
NASDAQ 100
АҚШ технологиялық компаниялар акциялар
-
1 ETN
$52.56
бағасы -
Жылдық табыстылық
+30% -
Фонд валютасы
USD -
Құрамы
-
-
S&P 500
АҚШ 500 компанияларының акциялары
-
1 ETN
$63.37
бағасы -
Жылдық табыстылық
+31.66% -
Фонд валютасы
USD -
Құрамы
-
-
US short-term Treasuries
АҚШ Қазынашылығының ноталары
-
1 ETN
$6.19
бағасы -
Жылдық табыстылық
+3.17% -
Фонд валютасы
USD -
Құрамы
-
-
US Aggregated Bonds
АҚШ компанияларының облигациялар
-
1 ETN
$5.41
бағасы -
Жылдық табыстылық
+4.84% -
Фонд валютасы
USD -
Құрамы
-
-
Oil
Brent мұнайы
-
1 ETN
$28.43
бағасы -
Жылдық табыстылық
+7.12% -
Фонд валютасы
USD -
Құрамы
-
-
Global EM Equities
Дамып келе жатқан нарықтардағы компаниялардың акциялары
-
1 ETN
$34.88
бағасы -
Жылдық табыстылық
+16.19% -
Фонд валютасы
USD -
Құрамы
-
-
Gold
Алтын
-
1 ETN
$25.15
бағасы -
Жылдық табыстылық
+31.61% -
Фонд валютасы
USD -
Құрамы
-
-
High Yield Corporate Bonds
АҚШ компанияларының жоғары дивидендті облигациялары
-
1 ETN
$7.83
бағасы -
Жылдық табыстылық
+2.62% -
Фонд валютасы
USD -
Құрамы
-
-
Global EM Bonds
Дамып келе жаткаң нарықтардағы компаниялардың облигациялары
-
1 ETN
$5.83
бағасы -
Жылдық табыстылық
+10.84% -
Фонд валютасы
USD -
Құрамы
-
-
US High Dividend
АҚШ дивидендтік акциялары
-
1 ETN
$11.5
бағасы -
Жылдық табыстылық
+13.86% -
Фонд валютасы
USD -
Құрамы
-
-
China Equities
Қытайдың ең ірі компанияларының акциялары
-
1 ETN
¥33.56
бағасы -
Жылдық табыстылық
+13.69% -
Фонд валютасы
CNY -
Құрамы
-
-
Real Estate
Инвестициялық жылжымайтын мүлік қорының акциялары
-
1 ETN
$1.51
бағасы -
Жылдық табыстылық
+10.22% -
Фонд валютасы
USD -
Құрамы
-
-
Islamic ETN
Исламның инвестициялау принциптерін ұстанатын компаниялардың акциялары
-
1 ETN
$6.61
бағасы -
Жылдық табыстылық
+14.16% -
Фонд валютасы
USD -
Құрамы
-
-
iX Bitcoin
Криптовалюта
-
1 ETN
$45.65
бағасы -
Жылдық табыстылық
+85.04% -
Фонд валютасы
USD -
Құрамы
-
-
AIX Qazaq Index
Қазақстандық компаниялардың акциялары
-
1 ETN
₸4902.48
бағасы -
Жылдық табыстылық
+29.22% -
Фонд валютасы
KZT -
Құрамы
-
Инвестициялауды қалай бастау керек? Үйреніңіз!
Толығырақ ТолығырақИнвестициялар әлеміне қалай қадам басып, өз табысыңызды еселеу керегін түсіндіреміз.
-
Видеосабақ 1
Tabys деген не? Әркімге қолжетімді инвестициялар
-
Видеосабақ 2
ETN немесе биржалық нота деген не?
-
Видеосабақ 3
Алтын биржалық нотасы (IXG)
-
Видеосабақ 4
Акциялар, облигациялар және биржалық ноталар (ETN) деген не?
-
Видеосабақ 5
Tabys деген не?
Жиі қойылатын сұрақтар
- Қосымшаны жүктемес бұрын
- Пайдаланушылардың қауіпсіздігі
- Биржалық ноталар туралы
- Табыстылық
- Техникалық сұрақтар
-
Қосымшаны жүктемес бұрын
- Кім инвестор бола алады?
Егер сіздің жасыңыз 16-дан асса және ҚР азаматтығымен қатар өз атыңыздағы банк картаңыз болса, онда сіз инвестор бола аласыз.
- Қандай білім қажет?
TABYS көмегімен биржалық ноталарды сатып алу үшін арнайы қаржылық біліміңіз болуы міндетті емес.
Қосымшаның түсінікті интерфейсі мен қаржылық құралдардың қарапайым құрылымы сізге инвестициялауды оңай бастауға мүмкіндік береді. - Бәсекелестермен бағалы қағаздар нарығына кірудің айырмашылығы қандай? Бәсекелестердің бағасы қандай?
TABYS қосымшасы арқылы сіз бір биржалық нотамен және минималды сомамен инвестиция салуды бастай аласыз. Қазақстанның бағалы қағаздар нарығында мұндай өнім әлі жоқ.
Бағалы қағаздар нарығына кіру үшін Қазақстанда инвестиция салудың минималды шегі жоқ, алайда мәміле жасауға комиссия бар.
Бағалы қағаздардың жаһандық нарығына шығу үшін минималды әрі кең таралған шек $10 000 құрайды. - TABYS қосымшасында абоненттік төлем бар ма? Мен қандай мөлшерде комиссия төлеймін?
Шотты толтыру немесе шоттан қаражатты шығару операциялары үшін 0,5% мөлшерінде, кемінде 100 теңге комиссия алынады. Мысалы, шотты 100 долларға толтырған кезде сіз 50 цент комиссия төлейсіз.
Егер тіркеу кезінде сіз Kaspi Gold картасын kaspi.kz қосымшасы арқылы бекітсеңіз, банк қосымша комиссия алмайды.
Басқа банктер операциялар үшін қосымша комиссия алуы мүмкін. Комиссия мөлшерін тікелей банктерден нақтылауды сұраймыз.
Барлық басқа операциялар: бағалы қағаздарды сатып алу, сату, сыйға тарту, брокерлік шотқа аудару, қосымшадағы қаржылық шоттар арасындағы аударым (айырбастау) комиссиялардан босатылған, яғни тегін. Тарифтермен толығырақ төмендегі Құжаттар бөлімінде таныса аласыз.
- Пайдаланушы ретіндегі менен сіз ненің есебінен ақша табасыз? Қосымшада қандай да бір жарнама болады ма?
TABYS қосымшасының басты мақсаты – коммерциялық табыс емес, Қазақстан азаматтарына қаржы нарығында инвестиция салуға мүмкіндік беру және үйренуге көмектесу.
Комиссиялар бізге пайда әкелуге емес, тікелей шығынымызды жабуға бағытталған.
Қосымшада ешқандай жарнама жоқ және болмайды.
- Қосымшаны әзірлеген кім?
TABYS мобильді қосымшасын «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) қор биржасы Astana International Exchange Ltd (AIX) әзірлеген.
- Неден бастау керек?
Толық тіркеуден өтіп, өз атыңыздағы банк картасын бекітуіңіз қажет. Содан кейін, қажетті валютада қаржылық шотты толтырыңыз. Қаржылық шот үш валютада қолжетімді: теңге, АҚШ доллары және юань. Сонымен қатар, өз қаражатыңызды қосымшада басқа валютаға айырбастай аласыз.
Егер сіз долларда сатылатын бағалы қағазды сатып алғыңыз келсе, онда долларлық шотты толтыруыңыз қажет, егер теңгемен сатып алсаңыз, онда теңгедегі шотты толтыруыңыз қажет. Содан кейін инвестициялауды бастай аласыз. Инвестициялар дүкенінде ұсынылған бағалы қағаздарды қарап шығыңыз, зерттеңіз, таңдаңыз және инвестициялауды бастаңыз. - Бұл қалай жұмыс істейді?
Қосымшаның құрылымы түсінікті әрі қарапайым.
• Сізге тек қайда инвестиция салатыныңызды таңдауыңыз керек – мысалы, мұнайға немесе дамушы нарықтардағы компаниялардың облигацияларына.
• Содан кейін бірнеше қарапайым қадамдармен сіз биржалық нотаны сатып аласыз.
• Өтінім сомасы сіздің қосымшадағы тиісті валютадағы шотыңыздан алынады, биржалық ноталар сіздің портфеліңізге түседі.
• Сіз өзіңіздің инвестицияларыңыздың құнын қосымшадағы "Портфель" бөлімінен бақылай аласыз. - Мен қандай валютада инвестиция саламын?
Бағалы қағаздар теңгемен, АҚШ долларымен немесе юаньмен (Қытайдан келген ірі компаниялардың акциялары) сатылады және сатып алынады. Сатып алу үшін сізге тиісті валютадағы шотты толтыру қажет.
Егер банк картаңыз теңгеде болса, шотты басқа валютада толықтыру кезінде сіздің картаңыздан сомасы банктің бағамы бойынша теңгемен есептен шығарылатынын ескеріңіз.
Шоттан қаражатты шығару кезінде сіздің банк картаңызға сома банктің бағамы бойынша теңгемен түседі. Барлық операциялар, тіпті мультивалюталық карталар арқылы өтетін операциялар да теңгемен жүргізіледі. - Инвестиция салуды бастау үшін қанша сома керек?
Сіз бағалы қағаздарды қолжетімді сомаларда сатып ала аласыз. Бір биржалық нотаның құны $1 мен $50 аралығында (ноталардың құны құлдырап немесе өсіп, өзгеруі мүмкін екенін ескеріңіз).
Қанша және қашан инвестиция салатыныңыз сізге байланысты. Бағалы қағаздарға соңғы немесе қарызға алған ақшаңызды салудың қажеті жоқ.
Біз инвестициялар әлемін зерттеуге кеңес береміз. Біздің сайттағы мақалалармен және қосымшадағы видоероликтермен танысып шыға аласыз. Ол үлкен қаржылық мүмкіндіктердің есігін ашады, алайда қауіптері де бар екенін естен шығармаңыз. - Тіркелу кезінде шетелдік банк картасын пайдалануға бола ма?
Сіз тек қазақстандық банктер шығарған, өз атыңыздағы карталарды ғана пайдалана аласыз.
- Менің банк картамда жеткілікті қаражат болмаса не болады?
Бұл жағдайда сіздің қосымшадағы қаржылық шотты толтыру (ал кейін - бағалы қағаздарды сатып алу) туралы өтініміңіз қабылданбайды.
- Кім инвестор бола алады?
-
Пайдаланушылардың қауіпсіздігі
- Мен инвестор ретінде қалай қорғаламын?
Биржалық нотаны сатып ала отырып, сіз инвесторға айналасыз, сіздің құқықтарыңыз «Астана» Халықаралық қаржы орталығының заңнамасына сәйкес қорғалады.
Маңызды! Сіздің биржалық ноталарыңыздың құны өзгеруі мүмкін, бағаның өсетініне кепілдік берілмейді. - Менің жеке деректерім қалай қорғалған? Оларды сіздер үшінші тараптарға жібермейсіздер ме?
Сіздің жеке деректеріңіз Қазақстан Республикасы мен «Астана» Халықаралық қаржы орталығының заңнамасына сәйкес қорғалады.
Заңнамаға сәйкес немесе операция жүргізу үшін қажет болатын жағдайларды (мәселен, біз сіздің картаңызға ақша немесе шотыңызға биржалық ноталарды енгізгенде) есептемегенде, біз сіздің жеке деректеріңізді ешкімге жібермейміз. - Сіздердің менің рұқсатымсыз картамнан ақша алмайтындарыңызға қалай сенімді бола аламын? Карта алаяқтықтан қорғалады ма?
Біз сіздің банк картаңыздың деректерін сақтамаймыз – бұл деректер Visa және MasterCard авторизациялаған процессинг орталығында сақталады.
Сіз өзіңіздің банк картаңыздың деректерін енгізген кезде, біз оларды көрмейміз, себебі ақпарат автоматты түрде процессинг орталығына жолданады.
Сатып алуға өтініміңіз орындалған кезде ғана сіздің картаңыздан ақша алынады (біз арқылы емес, процессинг орталығы алады). - Тіркелу кезінде карта мен жеке куәліктің фотосуреті не үшін сұралады?
AIFC AML Rules (АХҚО-ның Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және санкцияларға қарсы іс-қимыл туралы қағидаларына) сәйкес, AIX Registrar (АХҚО биржасының тіркеушісі) клиенттен жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді ұсынуды талап етуге міндетті.
Көрсетілген талаптарға байланысты, TABYS қосымшасында операциялар жасаған кезде дәл Сіз тіркелетініңізге және өзіңіздің жеке банк картаңызды пайдаланғаныңызға көз жеткізу үшін біз жеке куәлік пен банк картасының фотосуретін сұратамыз.
Сондай-ақ, банк картасының фотосуретін ұсыну TABYS операцияларын жасау үшін үшінші тұлғалардың Сіздің банк картаңызды пайдалана алмауына кепілдік береді. - Интернет-кеңістікте өзімді қалай қорғауға тиіспін?
Мобильді құрылғыларды жеке өмірде де, сол сияқты кәсіби тұрғыдан да пайдалану ісіміздің алға басуына мүмкіндік береді. Мессенджер, банкинг, бизнес-қосымшалар, әлеуметтік желілер — бұл қосымшаларды қазіргі заманның өмір ырғағында күнделікті пайдаланамыз. Біз құрылғыларыңыз бен дербес деректеріңізді қорғау бойынша бірнеше ұсыныстар берігіміз келеді.
Орнатылған қосымшаларды жаңартыңыз
Қаскөйлер қосымшалардағы әлсіз тұстарды үнемі іздестіріп, тауып алады да, сосын осы осалдықтарды пайдаланады. iOS пен Android-қа арналған жаңа нұсқалар үнемі шығып тұрады. Бұл жаңартуларда кемшіліктер түзетіліп отырады. Оларды орната отырып, телефонға вирус кіру немесе деректеріңіздің ұрлану мүмкіндігін азайтасыз. Үнемі жаңартуларды тексеріп және орнатып отырыңыз. Құрылғылардың көбінде автоматты жаңартуды орнату мүмкіндігі бар.
Сенімді құпиясөз орнатыңыз
Интернетте өзіңізді қорғау үшін маңызды қадамның бірі – әрбір есептік жазбаңыз үшін бірегей сенімді құпиясөз пайдалану. Құпиясөзіңізді немесе оларды орнату стратегияңызды кімге де болмасын ешқашан айтпаңыз. Құпиясөз – бұл құпия ақпарат және бөгде бір адамға аян болса, ол сенімді болудан қалады.
Вирусқа қарсы бағдарламалық жасақтаманы пайдаланыңыз
Кейде біз белгісіз сілтемелерді байқамай басып қаламыз немесе біздің жүйемізге вирус жұқтыруы мүмкін бағдарламаларды орнатамыз. Вирусқа қарсы бағдарлама осындай қателіктерден қорғауға арналған. Вирусқа қарсы бағдарлама зиян келтіруші бағдарламалардың барлығын тоқтата алмағанымен, шабуылдардың анағұрлым кең тараған түрлерін айқындауға және оларды болдырмауға көмектеседі. Соңғы жаңартуларды әрдайым орнатып, вирусқа қарсы өзекті бағдарламалық жасақтаманы қосып отырыңыз. Сонда құрылғыңызға вирус жұқтыру киберқылмыскер үшін әлдеқайда күрделірек болады.
- Мен инвестор ретінде қалай қорғаламын?
-
Биржалық ноталар туралы
- Биржалық ноталардың батыстық ETF-терден айырмашылығы.
Қосымша арқылы сатып алуға болатын биржалық ноталар толығымен батыстық ETF-терге (биржалық инвестициялық қор – Exchange Traded Fund) ұқсас.
Сіз батыстың ETF-ін өзіңіз сатып ала аласыз, бірақ ол үшін сізде айтарлықтай сома болуы тиіс, брокер арқылы шот ашып, оған ақша аударып, ETF акцияларын сатып алу туралы бұйрық беруіңіз керек.
Мұндай жағдайда сізде елеулі шығын (ақша аударымы, брокердің комиссиясы) мен оған қоса бастапқы жұмсалым көп болады; сонымен бірге, сіз алатын барлық табысқа Қазақстанда салық салынады. - Неліктен ETF емес, биржалық ноталарды таңдауым керек?
Биржалық ноталардың құрылымы (Exchange Traded Notes) іс жүзінде ETF құрылымын толығымен қайталайды. Биржалық ноталар сіздің инвестор ретіндегі табысыңызды жергілікті салықтар есебінен азайтпау үшін құрылған.
Осылайша, қазақстандықтарда дағдылы әдіспен инвестициялаудың жаңа баламасы пайда болды, себебі TABYS қосымшасы – сіздің капиталыңызды сақтап, еселеудің жаңа мүмкіндігі.
Биржалық ноталарды сатып алу арқылы сіз қаржы нарығында жеңіл әрі оңай жолмен инвестициялау мүмкіндігіне ие боласыз.
- Биржалық ноталарды сатып алған кезде менің меншігім екенін білдіретін қандай растау аламын?
Сатып алу операциясын аяқтағаннан кейін сіз портфеліңізге биржалық ноталардың түскені туралы хабарлама аласыз.
Сіз өзіңіздің шотыңыздан үзінді көшірме ала аласыз. Ол үшін қосымшадағы: Бейін > Құжаттар > AIX CSD-дегі шот > Үзінді көшірмені сұрау батырмасына басыңыз. - Менің ноталарым қайда сақталады?
Тіркеу процесі кезінде қосымшада AIX CSD-де кастодиандық шот ашылады.
Бұл AIX-тың еншілес ұйымы болып табылатын Орталық депозитарий.
Сіз сатып алған бағалы қағаздар сіздің шотыңызда сақталады. Сіз өзіңіздің биржалық ноталарыңызды сата аласыз, сонымен қатар кез-келген уақытта шотты жаба аласыз. Ол үшін барлық бағалы қағаздарды сатып, барлық шоттардағы қаражатты шығару керек.
- Биржалық ноталарды сыйға тартуға немесе мұрагерлікке беруге бола ма?
Ия, сіз сатып алған биржалық ноталар - бұл сіздің қалауыңыз бойынша басқара алатын мүлкіңіз. Сыйлау үшін портфеліңізге өтіп, биржалық нотаны таңдап, " + " сосын "Сыйлау" батырмаларын басып, өтінімді рәсімдеңіз.
Сондай-ақ, сіз кез-келген уақытта биржалық ноталарыңызды сата аласыз және ол ақша бірнеше минут ішінде (операциялық күндер мен сағаттарда: жұмыс күндері сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін) шотыңызға түседі. Егер сіз өтінімді жұмыс күндері сағат 17:00-ден кейін немесе демалыс және мереке күндері кез келген уақытта рәсімдеген болсаңыз, онда ол келесі жұмыс күні орындалады. - Биржалық ноталарды кепілдікке қойылатын мүлік ретінде пайдалануға бола ма?
Иә, сіздің биржалық ноталарыңыз – сіздің мүлкіңіз.
- Биржалық ноталар меморгандардың санкциясы салынған жағдайда бұғатталатын мүліктердің тізіміне ене ме? (мәселен, банк шотына блок қойылған кезде ноталар да блоктала ма?)
Иә, сіздің биржалық ноталарыңыз – сіздің мүлкіңіз. Сондықтан заңнаманың нормаларына сәйкес оны мемлекеттік органдар бұғаттай алады.
- Биржалық ноталардың батыстық ETF-терден айырмашылығы.
-
Табыстылық
- Биржалық ноталар бойынша табыс түсетініне кепілдік беріле ме?
Жоқ, биржалық ноталар бойынша табысқа кепілдік берілмейді.
Сіздің биржалық ноталарыңыздың құны базалық активтің бағасының өзгеруіне сәйкес өзгереді.
Мәселен, алтынның бағасы өссе, алтынның бағасын бақылайтын биржалық ноталардың да бағасы өседі. Кері жағдайда – егер, мысалы, мұнайдың бағасы құлдыраса, онда мұнай бағасын бақылайтын биржалық ноталардың да құны төмендейді.
- Биржалық нотаны сатудан түсетін табыстан салық алына ма?
АХҚО юрисдикциясында биржалық ноталардан алынатын кез келген табысқа Қазақстанда салық салынбайды.
- Қандай биржалық ноталар бойынша купондар төленеді?
Мына биржалық ноталар бойынша купондар тоқсан сайын төленеді: АҚШ технологиялық компанияларының акциялары (IXN), Жоғары дивидендтер төлейтін АҚШ компанияларының акциялары (IXD).
Табыстылығы жоғары АҚШ компанияларының облигациялары биржалық ноталары (IXY) бойынша ай сайын төленеді.
Қазақстандық компаниялардың акциялары (QZP) және басқарудағы қазақстандық компаниялардың акциялары (QZA) биржалық ноталары бойынша жылына бір рет төленеді.
- Купондар қандай мерзімде төленеді?
Биржалық ноталар бекітілген ETF бойынша белгіленген төлем күнінен кейін Tabys қосымшасында ETN иегерлеріне купондарды төлеу процесі шамамен 2-3 апта ішінде жүзеге асырылады.
Қосымша клиенттерге төлем жасалған күні пуш-хабарлама жіберіледі. - Менің биржалық ноталарымның құны төмендеуі мүмкін бе? Мен ақша жоғалтамын ба?
Иә, сіздің биржалық ноталарыңыздың құны төмендеуі мүмкін. Ағымдағы баға немесе сіз биржалық нотаны сататын баға сіз оны сатып алған бағадан төмен болатын жағдай болуы мүмкін.
- Купондарды төлеудің ең минималды шегі бар ма?
Инвесторлардың қосымшадағы шотына купондарды төлеу 1 центтен бастап жүзеге асырылады.
- Егер мен ETF дивидендтерін төлеудің белгіленген күнінен кейін ноталарды сатқан болсам, менде купондарды алуға құқығым бар ма?
Егер сіз купон алуға құқығы бар ноталар иелерінің тізімін жасау күні сол тізімде болсаңыз, онда төлем жасалған күні ноталарға ие болған не болмағаныңызға қарамастан, сізге купон төленеді.
- Биржалық ноталар бойынша табыс түсетініне кепілдік беріле ме?
-
Техникалық сұрақтар
- Мен қосымшаны жаңа телефонға орнатсам, деректерім сақталады ма?
Иә, жаңа телефонда сіздің қосымшаға кіруіңіз керек болады, барлық деректер қолжетімді болады.
- Пайдаланушыларға техникалық қолдау көрсетіле ме?
Клиенттерді қолдау сервисінің үш деңгейі әзірленген:
• Help – қосымшадағы бет, ол жерде проблемалардың шешімін өздігіңізден таба аласыз.
• Contact desk – сіз проблемаларды жазып, байланыс мәліметтерін қалдыратын форманы толтыра аласыз. Белгілі бір уақыт ішінде проблеманы қалай шешу керектігі туралы оператордан толық жауап аласыз.
• Мессенджерлердегі автоматты чат-бот сіздің проблемаңыздың шешімін бірден тауып береді.
• WhatsApp – TABYS қолданбасында қолдау.
- Мен қосымшаны жаңа телефонға орнатсам, деректерім сақталады ма?
Құжаттар
-
Инвесторлық келісім
-
Брокерге аудару бойынша нұсқаулық
-
Қосымшаның тарифтері
-
Қызмет көрсету шарттары
-
Құпиялылық саясаты
-
Инвесторлық келісім
-
AIX Registrar-мен келісім
-
AIX CSD кастодиандық қызмет көрсету туралы шарт
-
Prospectus. Solva Group Ltd. bonds
-
Offer terms. Solva Group Ltd. bonds
-
Кастодиандық қызмет көрсету туралы шарт
-
AIX Registrar-мен келісім
-
Инвесторлық келісім
-
Қолданысқа өтінім
-
Қызмет көрсету шарттары
-
Құпиялылық саясаты
-
Табысты қалай декларациялауға болады?
Tabys әлеуметтік желілерде
Жаңалықтар, эксклюзивті контент, үнемі байланыстамыз! Тіркел!